×
Алматыға жүрдек трамвайды талап етеміз / Требуем скоростной трамвай в Алматы
urbanforum.kz ..
создал эту петицию с обращением к
Акимат Алматы
Алматыға жүрдек трамвайды талап етеміз
(русский текст ниже)
Біз, Алматы тұрғындары, қала әкімдігі мен Қазақстан үкіметін 2019 жылғы күз айынан бері тағдыры шешілмей жатқан жүрдек трамвай жобасын әрі қарай жалғастыруға шақырамыз. Жоба іске асыруға дайын, халықаралық кеңесшілердің қатысуымен пысықталды, сараптамалардан өтті және өткен жылға дейінгі кезеңде қаланы дамыту стратегиясының бір бөлігі болды. Инвесторлардың арасында конкурстың бірінші кезеңі де болып өтті.
Жобаны іске асырудың кейінге қалдырылуы, сондай-ақ келешегінің белгісіз болуы – «шеті жоқ қала» бағытының жарияланғанына қарамастан, Алматының орталық емес аудандарының дамуын тежеуде. Қалыптасқан жағдайда, әсіресе, ірі тұрғын үй алаптары қарқынды түрде салынып жатқан қаланың батыс бөлігінің тұрғындары зардап шегуде.
Сауалнама деректері бойынша “Зерделi”, “Нұркент”, “Ақбұлак”, “Дарабоз”, “Саялы” ықшамаудандары, «Алмалы», «Alatau City» ТҮК және т.б. тұрғындарының үштен бір бөлігі тұрғын үйді таңдаған кезде осы аудандарда жүрдек трамвай болатынына үміттенген. Алайда, қазір сауалнамадан өткен сұхбаткерлердің шамамен 90%-ы жұмыс, оқу орындарына баруға немесе әртүрлі қызметтерге қол жеткізуге күн сайын бір сағаттан артық уақыт жұмсауға мәжбүр.
Өмір сүру сапасы және экология
Заманауи магистральды қоғамдық көлік болмағандықтан, мыңдаған отбасы таксиге ақша жұмсауға немесе автокөлікке кредит алуға мәжбүр. «Алматы Арена» ауданының алыстығын ескерсек, бұл – ай сайын едәуір шығынға әкеледі, ал мұндай қаражатты тұрғындар тұрғын үйді абаттандыруға, бос уақыт өткізуге, өзін-өзі дамытуға немесе бизнеске инвестицияласа болар еді.
Моторлы көлікті мәжбүрлі пайдалану қажеттілігі тек батыс аудандардың ғана емес, бүкіл Алматының экологиясына едәуір зиянын тигізеді. Пайдаланылған газдардың көп мөлшері мен жоғары шуыл жүктемесінің тікелей әсері азаматтардың иммунитетіне кері әсер ететіні және оларды өз денсаулығын қолдап отыру үшін көп қаражат жұмсауға мәжбүрлейтіні бәрімізге белгілі.
Экономикалық пайдасы
Көліктің қожетімсіздігі «Алматы Арена» ауданын іс жүзінде шеттетеді, оны жеке инвестициялар үшін тартымсыз етеді. Көлікке мәжбүрлі жұмсалатын шығындар және денсаулықты қолдап отыруға жұмсалатын әлеуетті шығындар тұрғындарың ақша жинауына мүмкіндік бермейді және олардың сатып алу қабілетін төмендетеді.
Өмір сүру сапасын, экономикалық әлеуетті және ауданның тартымдылығын арттырудың кілті – жүрдек трамвай жобасын іске асыру. Ол жол жүру уақытын қысқартып қана қоймай, сонымен қатар – метро станциялары секілді – ауданның имиджін өзгертеді, ондағы тұрғын үй мен жердің бағасын арттырады, іскерлік белсенділік пен жұмыс орындарының құрылуына жағдай жасайды, зиянды заттар көлемін және көлік кептелістері мен ЖКО санын азайтады.
Құрылыс мерзімдері
Біз еліміздің үкіметі мен Алматы әкімдігін жаңа метро станцияларын жобалау мен салуға емес, жүрдек трамвай жүйесін құруға басымдық беруге шақырамыз. Метрополитен құрылысы сыбайлас жемқорлық дауларымен және қаражаттың жетіспеушілігімен ілесе жүруде және ол тым ұзаққа созылғандықтан, көлік мәселесін шешуге өз үлесін қоса алмай отыр.
Сол екі арада қала әкімшілігі қоғамдық көліктің магистральды түрлерін дамытуды алдын ала қарастырмастан, қала шекарасында биік тұрғын үй алаптарының (соның ішінде әлеуметтік тұрғын үйді қоса алғанда) қарқынды құрылысын ынталандыруда. Бұл – жақын арада қаланы көліктік және экологиялық коллапсқа әкеледі.
Жаңа тұрғын аудандар мен іскерлік аудандарды, индустриялық аймақ пен автовокзалдарды қамтитын, сондай-ақ оларды бір-бірімен және қала орталығымен байланыстыратын трамвай желісін құру және дамыту едәуір тиімді, жылдам және үнемді.
Біз Алматыда жүрдек трамвай жобасын әрі қарай жалғастыруды талап етеміз!
!! ======================================== !!

Требуем скоростной трамвай в Алматы
Мы, жители Алматы, призываем акимат города и правительство Казахстана возобновить проект скоростного трамвая, судьба которого остается неясной с осени 2019 года. Проект почти готов к реализации, проработан с участием международных консультантов, прошел экспертизы и до прошлого года являлся частью стратегии развития города. Состоялся и первый этап конкурса среди инвесторов.
Отсрочки в реализации проекта, а теперь и отсутствие ясности относительно его будущего, задерживают развитие нецентральных районов Алматы, несмотря на объявленный курс на “город без окраин”. Больше всего страдают от сложившейся ситуации жители западной части города, где интенсивно строятся крупные жилые массивы.
По данным опроса, более трети жителей микрорайонов “Зерделi”, “Нуркент”, “Ақбулак”, “Дарабоз”, “Саялы”, ЖК «Алмалы», «Alatau City» и др. при выборе жилья рассчитывали на появление в этих районах скоростного трамвая. Однако сейчас около 90% опрошенных нами респондентов вынуждены каждый день тратить час и более на каждую поездку до мест работы, учебы или для доступа к различным услугам.
Качество жизни и экология
Отсутствие современного магистрального общественного транспорта вынуждает тысячи семей тратить средства на такси или брать в кредит автомобиль. Учитывая удаленность района «Алматы Арены», это выливается в серьезные затраты каждый месяц, которые бы люди могли инвестировать в обустройство жилья, досуг, саморазвитие или бизнес.
Вынужденная необходимость использования моторизированного транспорта серьезно вредит экологии не только западных районов, но и всего Алматы. Общеизвестно, что прямое воздействие большого количества выхлопных газов и высокой шумовой нагрузки негативно влияет на иммунитет граждан и вынуждает их тратить больше средств на поддержание своего здоровья.
Экономические выгоды
Транспортная недоступность фактически сегрегирует район «Алматы Арена», делает его непривлекательным для частных инвестиций. Вынужденно высокие траты на транспорт и потенциальные расходы на поддержание здоровья снижают покупательскую способность, не позволяя жителям делать существенные сбережения.
Ключ к повышению качества жизни, экономического потенциала и привлекательности района - это реализация проекта скоростного трамвая. Он не только сократит время поездок, но и - подобно станциям метро - поменяет имидж района, повысит цены на жилье и землю здесь, стимулирует деловую активность и создание рабочих мест, снизит объемы вредных выбросов, количество транспортных заторов и ДТП.
Сроки строительства
Мы призываем правительство страны и акимат Алматы сместить приоритеты - с проектирования и строительства новых станций метро на создание системы скоростного трамвая. Строительство метрополитена сопровождается коррупционными скандалами и нехваткой средств, и длится слишком долго, не успевая решать транспортные проблемы.
Тем временем, городская администрация поощряет интенсивную застройку высотными жилыми массивами (включая социальное жилье) на границах города, не предусматривая прокладку туда магистральных видов общественного транспорта. Это очень быстро ведет город как к транспортному, так и экологическому коллапсу.
Гораздо эффективнее, быстрее и экономичнее будет создать и развивать трамвайную сеть, которая бы охватывала новые жилые и деловые районы, индустриальную зону и автовокзалы, связав их с центром города и между собой.
Мы требуем возобновления проекта скоростного трамвая в Алматы !

Опубликовано
(Обновление )
Сообщить о нарушении
При загрузке Ваших файлов и/или отчета произошла ошибка