Для работы данного функционала, пожалуйста, обновите настройки cookies .
Нажмите ”Разрешить Bсе” или просто активируйте «Целевые файлы cookies» .
Продолжая пользоваться сайтом, Вы принимаете Политику конфиденциальности Авааз, в которой разъясняется, как могут быть использованы Ваши данные и как обеспечивается их защита.
Понятно
Мы используем cookies, чтобы лучше понимать, как люди пользуются нашим сайтом. Это помогает нам обеспечивать наилучший пользовательский опыт для вас. Вы можете ознакомиться с нашей политикой Cookies .
ОК
Кеттлингті негізсіз қолдануды тоқтатуды талап етеміз!

Кеттлингті негізсіз қолдануды тоқтатуды талап етеміз!

1 подписали петицию. Давайте соберем
50 Сторонники

Закрыть

Подписать

,
Avaaz.org защищает Вашу конфиденциальность и будет информировать Вас об этой и подобных кампаниях
Эта петиция была создана пользователем Андрей Г., чье мнение может не совпадать с мнением сообщества Авааз.
Андрей Г.
создал эту петицию с обращением к
ҚР Ішкі істер министрі Е. З. Тұрғымбаев мырзаға
2020 жылдың маусым айынан бастап Қазақстанда полиция кеттлинг ( kettling — наразылық білдірушілер тобын полиция кордондарымен қоршап алу және оларды ұзақ уақыт бойы сол қоршаудың ішінде ұстау ) тәсілін қолданысқа енгізді. Бір жыл ішінде полиция қызметкерлері бейбіт түрде наразылық білдіруші топтарды тоғыз рет қоршауға алып, оларды шеңберден шығармай, сол шеңберге тұрған адамдарға су мен тамақты бергізбей, тіпті дәрет сындыруға да жібермей ұстап тұрды. Мұндай қоршауда аамдарды 10 сағаттан артық уақыт ұстаған кездері де болды.  

Қоршауда тұрған адамдардың кейбірін үсік шалса, кейбіреулері есінен танып жатты. Полиция бейбіт түрде наразылық білдіруге шыққан адамдарға олардың құқықтарын, бұл қоршауда не себепті ұстап тұрғанын, олардың бас бостандығынан не себепті шектегенін және қандай құқық бұзушылық орын алғанын түсіндірмеген, және әрекеттерінің «Заң атымен!» екенін дәлелдемеген (1) .  

Бейбіт түрде наразылық білдірушілерді бірнеше сағат ұстағаннан кейін ғана барып, полиция қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасамастан қоршауда тұрған адамдарды босатқан. Полицияның көзінше белгісіз тұлғалар шеңбер ішіне кіріп, сол жерде тұрған адамдармен төбелес-жанжал шығаруға тырысқан, шеңбер ішінде тұрғандарды қорлап, өздерімен бірге дыбыс күшейткіш техниканы алып келіп, музыканы бар дауысымен қосып қойған. Сипатталған әрекеттер азаптау және билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану ретінде қаралуы тиіс (ҚР Қылмыстық Кодексінің 146 және 362-баптарына сәйкес).  

Мемлекеттер органдар — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, прокуратура, сот, Омбудсмен — бұл тәсіл ҚР азаматтарының жеке бас бостандығы, сөз бостандығы және бейбіт жиындарға қатысу сияқты конституциялық құқықтарын шектейтінін (Ата Заңымызың 32 (2) бабы) ескермей, кеттлингті полицияның қолдануына болатын заңды құрал деп ашық айтты. Бұл жерде заңдылық, қажеттілік, сәйкестік, құқық айқындығы сияқты адам құқықтары мен бостандықтарын шектеу (3) қағидаттары мүлдем ескерілмеген.  

Әлемдік практикаға сүйенсек, кеттлинг тәсілі тек ерекше жағдайларда қолданылады, яғни наразылық білдірушілер тарапынан ашық агрессия немесе күш көрсетуі мүмкін екені байқалған жағдайда ғана. Алайда, Қазақстанда кеттлинг тәсілін қолдануға еш негіз болмаған және наразылық білдірушілер ешкімге қауіп төндірмеген.  

Полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері ҚР 2009 жылдың 11 ақпанда ратификациялаған және ҚР-да ұлттық заңнама алдында басымдығы бар азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (АСҚХП) 2, 9 (4) , 19 және 21 (5) баптарын бұзады. Оны тікелей қолдану — құқықты қорғаудың тиімді құралдарының бірі (АСҚХП-ның 2-бабы).

БІЗДІҢ ТАЛАБЫМЫЗ:  

— Бейбіт наразылық білдірушілерге қарсы кеттлингті негізсіз қолдану практикасын ТОҚТАТУ;

— Кеттлингті қолдана отырып, азаматтардың құқықтарын шектейтін және ҚР Қылмыстық кодексін бұзатын полиция қызметкерлерін ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУ;

— Кеттлинг тәсілін ТЕК халықаралық стандарттарға сәйкес ҚОЛДАНУ.  

(1) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңының 19 бабы.  
(2) ҚР Конституциясының 39 бабының 1 тармағы: «Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін» .  
(3) АСҚХП-дан басқа Бейбіт жиналыстар бостандығы жөніндегі басшылық қағидаттары (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясы әзірлеген), АСҚХП-ның 21-бабына БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің №37 жалпы тәртіптегі ескертпелері бұзылған.  
(4) 9 баптың 1 тармағы «Әрбір адамның бостандыққа және жеке басының өмiрiне қол сұғылмауына құқығы бар. Ешкiмді де негізсіз қамауға немесе тұтқындауға болмайды. Адамды тек қана заң негiзiнде және сол заңда белгiленген процедураға сәйкес бас бостандығынан айыруға болады». 
(5) 21 бап «Бейбiт жиналыстарды өткізу құқығы мойындалады. Бұл құқықты пайдалану тек демократиялық қоғамның мемлекеттік, немесе қоғамдық қауiпсіздiк пен қоғамдық тәртiп мүдделерiн, жұрттың денсаулығы мен имандылығын сақтау және басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қажет етiлетiн, заңмен көзделген шектеулерден тыс шектелуi тиiс емес».

 
Опубликовано (Обновление )